«Концессиялық жобаларды жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика Министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 157 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 31 шілдедегі № 582 бұйрығы
«Концессиялық жобаларды жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика Министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 157 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 31 шілдедегі № 582 бұйрығы
«Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабының 7-5) - 7-10) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Концессиялық жобаларды жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика Министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 157 бұйрығына (2015 жылғы 20 ақпанда «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде жарияланған, мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер реестрінде № 10122 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу қағидасында:
1), 2) және 3) тармақшалар жаңа редакцияда жазылсын:
«1) осы Қағиданың 11, 12-тармақтарына сәйкес конкурсты ұйымдастырушының әлеуетті концессионерлерді конкурстың өткізілуі туралы хабарландыруы;
2) осы Қағиданың 13, 14-тармақтарына сәйкес конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғаларға конкурс ұйымдастырушысының конкурстық құжаттаманың көшірмесін ұсынуы, сондай-ақ осы Ережелерге қосымша бойынша форма мұндай тұлғалар туралы мәліметтерді конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізу;
3) осы Қағиданың 15-17-тармақтарында көзделген жағдайларда конкурсты ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған тұлғаларға оның ережелерін түсіндіруі;»
15) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
«15) конкурсты ұйымдастырушының концессия шартының жобасын келісу үшін осы Қағиданың 54-56-тармақтарына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдарға, сондай-ақ табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберуі;»;
Демо – версия документа