Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Фитосанитариялық нормативтерді, фитосанитариялық есепке алу нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-02/584 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 28 тамыздағы № 318 бұйрығы

«Фитосанитариялық нормативтерді, фитосанитариялық есепке алу нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-02/584 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 28 тамыздағы № 318 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Фитосанитариялық нормативтерді, фитосанитариялық есепке алу нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-02/584 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11913 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген фитосанитариялық нормативтерде:

мынадай мазмұндағы 151-1-тармақпен толықтырылсын:

«

151-1

Шабындық көбелегі

жұлдызқұрттар

ауыл шаруашылығы дақылдары

өскіндер, жас өсімдіктер

1 шаршы метрге 5-10 жұлдызқұрт

вегетациялық кезеңі

1 шаршы метрге 20 жұлдызқұрт

»;

153-тармақ алып тасталсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Фитосанитариялық есепке алу нысандарын ұсыну қағидаларында:

5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Фитосанитариялық есепке алу субъектілері фитосанитариялық есепке алуды жүргізеді және Комитеттің аудандық аумақтық бөлімшелеріне (бұдан әрі – аудандық инспекция) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша пестицидтерді, биоагенттерді өндіру, өткізу, қолдану, қозғалысы, сақтау, залалсыздандыру орны бойынша фитосанитариялық есептілікті ұсынады.

6. Әкімшілік деректерді жинауға арналған фитосанитариялық есепке алу нысандарын фитосанитариялық есепке алу субъектілері аудандық инспекцияларға есептердің мынадай түрлері бойынша және мерзімдерде ұсынады:

1) пестицидтерді, биоагенттерді өндіру және (немесе) өткізу туралы есеп, жылына екі рет, есепті жылдан кейінгі тиісті жылдың 10 шілдесіне дейін және 10 қаңтарына дейін;

2) пестицидтердің, биоагенттердің қозғалысы туралы есеп, жылына екі рет, есепті жылдан кейінгі тиісті жылдың 10 шілдесіне дейін және 10 қаңтарына дейін;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку