«Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы» 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 және «Республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтары туралы ережені бекіту туралы» 2013 жылғы 24 маусымдағы № 587 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 18 Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы» 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 және «Республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтары туралы ережені бекіту туралы» 2013 жылғы 24 маусымдағы № 587 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мына жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 24-25, 207-құжат; 2012 ж., № 51, 686-құжат; 2013 ж., № 24, 381-құжат; № 31, 465-құжат; 2014 ж., № 32, 279-құжат):
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы бағынысындағы әскерлер мен әскери құралымдардың күнделікті қызметін жоспарлау және ұйымдастыру кезінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын басшылыққа алсын.»;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысында:
72-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа