Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 109 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 14 қаңтардағы № 14 бұйрығы

 «Этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 109 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 14 қаңтардағы № 14 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 109 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10524 болып тіркелген, 2015 жылғы 13 мамырда «Әділет» ақпаратты-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңының 4-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) қағидаларында:

27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«27. Бірінші басшының не бірінші басшы міндетін атқарушы болып тағайындалғаны туралы бұйрықтың көшірмесін табыс ете отырып, бірінші басшы міндетін атқарушы тұлғаның қолымен расталуы тиіс.»;

30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«30. Спиртті өткізу үшін 2-жеткізуші мен 2-алушы уәкілетті органның аумақтық органдарына құрамында мынадай:

1) 2-жеткізуші - 2-алушы туралы, спирттің сұратылып отырған көлемі мен сатылу күні, 2-алушының уәкілетті тұлғасы туралы;

2) 2-алушы - 2-жеткізуші туралы, сатып алынатын көлем мен көлікті жіберу күні (теміржол цистерналары үшін - тиеуге қойған жеткізу күні) және уәкілетті тұлға туралы ақпараты бар хабарламаны жолдайды.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку