«Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қаңтардағы № 36 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 1 сәуірдегі № 246 Қаулысы (күші жойылды)
«Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қаңтардағы № 36 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 1 сәуірдегі № 246 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 8 қарашадағы № 938 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қаңтардағы № 36 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) өздерінің келісімімен Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін және (немесе) паспортын алғаш алу үшін, сондай-ақ оларды қалпына келтіру не ауыстыру үшін жүгінген Қазақстан Республикасы азаматтарының;»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мыналардың:
Қазақстан Республикасында уақытша немесе тұрақты тұруға рұқсат алу үшін жүгінген;
мыналарды:
шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын;
азаматтығы жоқ адамның куәлігін;
босқын куәлігін;
жол жүру құжатын алғаш ресімдеген, сондай-ақ қалпына келтірген, ауыстырған жағдайларда он алты жасқа толған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың дактилоскопиялық ақпаратын жинауды жүзеге асырады.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Сыртқы саяси қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы азаматының паспорты Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде ресімделген кезде өздерінің келісімімен Қазақстан Республикасы азаматының, сондай-ақ осы Қағидалардың 10-тармағында белгіленген тәртіппен он екі жастан он алты жасқа дейінгі балалардың дактилоскопиялық ақпаратын жинауды жүзеге асырады.»;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
Документ утратил силу
Демо – версия документа