«Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 370/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 17 мамырдағы № 166/НҚ бұйрығы
«Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 370/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 17 мамырдағы № 166/НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 370/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21380 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларында:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (бұдан әрі – АКТ) – электрондық ақпараттық ресурстармен жұмыс істеу әдістерінің және аппараттық-бағдарламалық кешен мен телекоммуникациялар желілерін қолдана отырып жүзеге асырылатын ақпараттық өзара іс-қимыл әдістерінің жиынтығы;
2) грант алушы – осы Қағидаларға сәйкес инновациялық грант алған заңды тұлға;
3) гранттық қаржыландыру жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) –құрамына тәуелсіз (отандық және (немесе) шетелдік) сарапшылар, қоғамдық ұйымдардың және тиісті салалардың өкілдерінің (келісім бойынша) тақ саны кіретін, өтінімдердің сараптамаларын және осы Қағидаларда белгіленген инновациялық гранттар беру шарттарын ескере отырып, өтініш берушілердің жобалары бойынша шешімдер қабылдау үшін Технологиялық даму саласындағы ұлттық институт шеңберінде құрылған алқалы орган;
Демо – версия документа