«Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметтің көрсету ережесі (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 66 бұйрығына 6-қосымша) (2025.21.01. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2020 жылғы 29 мамырдағы
№ 66 бұйрығына 6-қосымша
«Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру»
мемлекеттік қызметтің көрсету ережесі
(2025.21.01. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңға сәйкес әзірленді және «Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды (бұдан әрі-мемлекеттік қызмет).
ҚР Әділет министрінің 2025.16.01. № 34 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 21 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті мен аумақтық әділет органдары және коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге мемлекеттік қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) көрсетеді (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).
3. Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтамада оның берілген күні, тiркеушi орган, бизнес-сәйкестендiру нөмiрi, мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) күні, заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жері, басшылары және құрылтайшылары (қатысушылары) туралы мәлiметтер қамтылады. Егер жеке кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңда тұлға өзінің қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын болса, онда бұл туралы мәліметтер аталған анықтамада көрсетіледі.
Демо – версия документа