«Жылжымайтын мүлiкке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 246 бұйрығына 8-қосымша) (2019.29.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
ҚР Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 29 мамырдағы № 67 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Әділет Министрінің 2016.27.01. № 41 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2018.23.11. № 1550 бұйрығымен (бұр.ред.қара) мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 246 бұйрығына 8-қосымша
«Жылжымайтын мүлiкке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
(2019.29.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1 тарау. Жалпы ережелер
1. «Жылжымайтын мүлiкке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2.Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері арқылы;
2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2 Тарау. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi
3. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмдерi:
1) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті берушіге өтiнiш келiп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетіледі (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi):
2) Көрсетілетін қызметті алу үшін ең ұзақ күту уақыты - 20 минуттан аспайды;
3) Қызмет көрсетудің ең ұзақ уақыты - 20 минуттан аспайды.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасы.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны - қағаз түрінде.
Документ утратил силу
Демо – версия документа