«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 907 және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламенті туралы» 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 10 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 4 қазандағы № 822 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 907 және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламенті туралы» 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 10 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 4 қазандағы № 822 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 907 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларында:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) консультативтік құжатты жария талқылау, Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) мүшелерінің ұстанымдарын, оның ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің (бұдан әрі - Әділет министрлігі) қорытындысын, қоғамдық кеңестердің, кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестердің (бұдан әрі - сараптамалық кеңестер), Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасының (бұдан әрі - ҰКП) қорытындыларын алу үшін ашық НҚА интернет-порталында осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен орналастыруды;»;
5) және 15) тармақшалар алып тасталсын;
23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа