«Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2024 жылғы 7 ақпандағы № 18 бұйрығы
«Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2024 жылғы 7 ақпандағы № 18 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9744 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздар мен хабарларды қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп тексерудің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):
2-тармақтың 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«17) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті, оның аумақтық және оларға теңестірілген органдары;»;
13-2-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Аумақтылығы (ведомствоға тиістілігі) бойынша қабылданған материал бойынша осы Қағидалардың 13 және 14-тармақтарында көзделген шешімдерінің бірі қабылданады.»;
44-2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«44-2. Істің таңдалып алынған материалдарымен бірге күзетпен ұстауды, үйқамақты санкциялау туралы өтінішхаты прокурордың «Қадағалау журналында» көрсетіледі.»;
57-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«57-1. Қылмыстық процеске қатысушыларға процестік мәртебесін алған сәттен бастап ҚР ҚПК-нің бабының талаптарын сақтай отырып жария сектор арқылы:
Демо – версия документа