Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қазандағы № 640 Қаулысы (күші жойылды)

 «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қазандағы № 640 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 58, 550-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі туралы ережеде:

1-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Жалпы ережелер»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, тілдерді дамыту, мемлекеттік рәміздер, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер, дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі, туристік қызмет салаларындағы басшылықты, салааралық үйлестіруді және мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.»;

13-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.»;

2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«2-тарау. Министрліктің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері»;

14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Министрліктің миссиясы:

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку