Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 22 қазандағы № 1092 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 22 қазандағы № 1092 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Ұлттық қаржылық есептілік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 50 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8328 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 5-тармағының 4) тармақшасын іске асыру мақсатында «БҰЙЫРАМЫН:»;

1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Жалпы ережелер»;

2-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

«2. Осы Стандарттың күші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін реттеуді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асыратын қаржы ұйымдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына және Даму Банкіне қолданылмайды.»;

2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2-тарау. Бухгалтерлік есеп жүргізу»;

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер актив ретінде танылады, егер:

активке байланысты болашақ экономикалық пайда субъектіге түсуі мүмкін;

активтің өзіндік құны сенімді өлшенеді;

актив әдеттегі қызмет барысында кейіннен сату үшін сатып алынбайды.»;

58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«58. Қызметтер көрсету, жұмыстарды орындау кезінде табыс есепті күнге операцияның аяқталу сатысын көрсету арқылы танылады.

Операцияның аяқталу кезеңі орындалған жұмысты сенімді бағалауды қамтамасыз ететін тәсілмен анықталады, атап айтқанда:

орындалған жұмыс туралы есептер;

көрсетілген қызметтер, жұмыстар қызметтердің, жұмыстардың орындалуының жалпы көлемінің пайызы ретінде;

келтірілген шығындардың жалпы күтілетін шығындарға пропорционалды қатынасы.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку