Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 10 сәуірдегі № 838 Жарлығы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ

ЖАРЛЫҒЫ

 

«Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 14) тармақшасының екінші бөлігіне сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:»;

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысында:

кіріспе алып тасталсын;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысы (бұдан әрі - Жарғы) Қазақстан Республикасының консулдық қызметінің құқықтық негіздерін, Қазақстан Республикасының консулдық лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде Қазақстан Республикасының, Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі құқықтары мен міндеттерін айқындайды.

Осы Жарғыда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) болу мемлекеті - аумағында Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі орналасқан шет мемлекет;

2) консулдық архив - құжаттар, хат-хабарлар, аудио және бейнематериалдар, электрондық ақпарат тасымалдағыштар, кітаптар, журналдар, тізілімдер, картотекалар, шифрлар, кодтар, мөрлер, мөртаңбалар және консулдық функцияларды орындауға арналған өзге де заттар;

3) консулдық мекеме - белгілі бір консулдық округтің шегінде Қазақстан Республикасының атынан консулдық функцияларды орындайтын Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі;

4) консулдық мекеменің басшысы - Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің консулдық мекемені басқаратын қызметкері;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку