Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТТЕРДІ ҰЙЫМДАРДАҒ...

Осы редакция 2017 жылғы 10 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2015 жылғы 24 сәуірдегі

№ 394 бұйрығына

1-қосымша

 

 

«Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді ұйымдардағы, елді мекендердегі және объектілердегі өрттердің

алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және

авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер

 

1. «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді ұйымдардағы, елді мекендердегі және объектілердегі өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Төтенше жағдайлар комитеті (бұдан әрі - қызмет беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беруді:

1) қызмет беруші кеңсе арқылы;

2) «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz. веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - 15 (он бес) жұмыс күні;

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап береді.

2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку