(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘ...
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана және Алматы қалаларындағы, облыстардағы тәртіптік кеңестері және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
(2015.29.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2018 жылғы 5 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Президентінің 2014.29.08. № 900 Жарлығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. ҚР Президентінің 2015.29.12. № 156 Жарлығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі заңнамада белгіленген тәртiппен:
1) жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының лимитін облыстардың, Астана және Алматы қалалары тәртiптiк кеңестерiнiң төрағалары мен хатшылықтары қызметкерлерінің санын қалыптастыруға көзделген штат бiрлiгі санына қысқарту жөнiнде шаралар қабылдасын;
2) бұрын қабылдаған өз актілерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн;
3) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізiлсiн:
1) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесiн одан әрi оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., № 1, 2-құжат; 2000 ж., № 54, 593-құжат; 2001 ж., № 1-2, 2-құжат, № 4-5, 43-құжат; 2002 ж., № 26, 272-құжат, № 45, 445-құжат; 2003 ж., № 12, 130-құжат, № 16, 160-құжат; 2004 ж., № 13, 166-құжат, № 21, 267-құжат, № 27, 344-құжат, № 48, 590-құжат):
1-қосымшада:
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
қызмет істері жөніндегі агенттігі 164,
Редакция документа
Демо – версия документа