Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «КЕМЕНІҢ, ШАҒЫН КӨЛЕМДІ КЕМЕНІҢ НЕМЕСЕ САЛЫНЫП ЖАТҚА...

Осы редакция 2017 жылғы 12 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің

2015 жылғы 30 сәуірдегі

№ 556 бұйрығына

6-қосымша

 

 

 «Кеменің, шағын көлемді кеменің немесе салынып жатқан
кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Кеменің, шағын көлемді кеменің немесе салынып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Министрлiктің Көлiк комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттарын тапсырған кезден бастап - 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минут.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі - Қазақстан Республикасының кемелер тізілімінен үзінді көшірме немесе көшірме қағаз түрінде.

7. Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі:

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижелерін беру сағат 13.00 бастап 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку