«Ғарыш инфрақұрылымы объектілерін құруға, пайдалануға және дамытуға арналған шығындарды есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 194/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 184/НҚ бұйрығы
«Ғарыш инфрақұрылымы объектілерін құруға, пайдалануға және дамытуға арналған шығындарды есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 194/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 184/НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ғарыш инфрақұрылымы объектілерін құруға, пайдалануға және дамытуға арналған шығындарды есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 194/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19239 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғарыш инфрақұрылымы объектілерін құруға, пайдалануға және дамытуға арналған шығындарды есептеу әдістемесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Ғарыш инфрақұрылымы объектілерін құруға, пайдалануға және дамытуға арналған шығындарды есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Есептеу әдістемесі) «Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 16-1) тармақшасына сәйкес әзірленді.»;
3, 4, 5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Есептеу әдістемесінде мынадай ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:
1) амортизация – негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің құнын олардың физикалық және сапалық тозуына қарай, өндірілетін өнімнің (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) құнына бөліп ауыстыру;
2) арнайы бағдарламалық қамтылым – белгілі бір сыныптағы міндеттерді шешу үшін әзірленген және құрылған бағдарламалар санаты;
3) ғарыш аппараттарын ұшыру (бұдан әрі – ҒА ұшыру) – ғарыш аппаратын тасымалдағыш зымыранның көмегімен берілген орбитаға шығару;
Демо – версия документа