«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 және «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 215 Қаулысы (2024.02.02. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 және «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 215 Қаулысы
(2024.02.02. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 26 сәуірдегі № 336 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігінде:
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Қаржы агенттігі инвестициялық мақсаттарға бағытталған, қарыз сомасы 10 (он) млрд теңгеден асатын кредиттер/қаржылық лизинг бойынша Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның келісуі бойынша қаржы агенттігінің ішкі нормативтік құжаттарымен бекітілген жобалардың қаржылық көрсеткіштерін бағалау әдістемесіне сәйкес кредиттер/қаржылық лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауға қажеттіліктің жоқтығын көрсететін ЖКС қаржылық көрсеткіштері кезінде (өтелу мерзімін, таза пайданы, кірістіліктің ішкі нормасын, ақша ағындарын ескере отырып) субсидиялаудан бас тартады.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу бойынша, өңдеу өнеркәсібіндегі және көрсетілетін қызметтердегі ЖКС жобаларын субсидиялау шарттары:
Субсидиялау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген 2021 - 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның іс-шараларын және осы тетікті іске асыруға бөлінетін қаражат есебінен жүзеге асырылады.
Документ утратил силу
Демо – версия документа