«Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 29 мамырдағы № 232 бұйрығы
«Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 29 мамырдағы № 232 бұйрығы
«Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысының 15-тармағының 94) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4991 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақта:
3) және 4) тармақшалар алып тасталсын;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына ақылы негізде оқу үшін тестіленушінің ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесінің нысаны;»;
13) және 14) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсушілер үшін ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесінің нысаны;
14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына ақылы негізде оқу үшін ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесінің нысаны;»;
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа