«Отставкадағы судьяға өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 28 қарашадағы № 961 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2016 жылғы 21 сәуірдегі № 239 Қаулысы
«Отставкадағы судьяға өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 28 қарашадағы № 961 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2016 жылғы 21 сәуірдегі № 239 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Отставкадағы судьяға өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 28 қарашадағы № 961 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 59-60-61, 480-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Отставкадағы судьяға өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу қағидаларында:
2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ай сайынғы өмір бойғы қамтылымды алушы - Конституциялық заңның 35-бабының 1 және 2-1-тармақтарына сәйкес «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа соттардың қызметін ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органға өтініш берген отставкадағы, оның ішінде 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін отставкаға шыққан судья;»;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа