(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕЙБІР НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТ...
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банктік қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 27 мамырдағы № 97 Қаулысы
(2014.27.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2016 жылғы 30 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.27.08. № 170 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 358 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3924 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциялық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықта:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Нұсқаулық екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі - банктер) сақтауы міндетті пруденциялық нормативтер есебінің нормативтік мәндері мен әдістемесін белгілейді. Нормативтік мәндер үтірден кейін үш таңбалы санмен көрсетіледі.
2015 жылғы 1 қаңтардан бастап 2015 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде пруденциялық нормативтердің есебі банктердің халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (бұдан әрі - ХҚЕС) сәйкес қаржылық есептілік негізінде жүзеге асырылады.
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап пруденциялық нормативтердің есебі қаржылық есептілік негізінде, ал еншілес ұйымдары болған жағдайда еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда, ХҚЕС-ке сәйкес жасалған шоғырландырылған қаржылық есептілік негізінде жүзеге асырылады.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Редакция документа
Демо – версия документа