«Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 тамыздағы № 603 Қаулысы (күші жойылды)
«Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 тамыздағы № 603 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 18 қаңтардағы № 18 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген 2021 - 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру қағидаларында:
11-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10 %-ы мөлшерінде оны іске асыруға арналған шығыстарды кәсіпкердің, оның ішінде бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікпен (талап халықтың әлеуметтік осал топтары, оның ішінде үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін міндетті болып табылмайды) қоса қаржыландыруы (ақша қаражатымен);»;
15-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) мемлекеттік грант алуға өтінім берген кезде берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10 %-ы мөлшерінде бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды қоса қаржыландыруын (ақша қаражатымен, бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) растамаған (халықтың әлеуметтік осал топтарын, оның ішінде үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда);»;
21-тармақтың 5), 6) және 7) тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«5) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі мен «Зейнетақы мен жәрдемақы төлеудің орталықтандырылған деректер базасы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде алынған өтініш берушінің халықтың әлеуметтік осал топтарына, оның ішінде үшінші топтағы мүгедектікке жататындығы туралы мәліметтерді растау (қажет болса);
Документ утратил силу
Демо – версия документа