«Көмірсутектерді барлау мен өндіру және уран өндіруді жүргізу кезіндегі консервациялау және жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 22 мамырдағы № 200 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 16 қаңтардағы № 11 бұйрығы
«Көмірсутектерді барлау мен өндіру және уран өндіруді жүргізу кезіндегі консервациялау және жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 22 мамырдағы № 200 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 16 қаңтардағы № 11 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Көмірсутектерді барлау мен өндіру және уран өндіруді жүргізу кезіндегі консервациялау және жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 22 мамырдағы № 200 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17094 болып тіркелген, 2018 жылғы 10 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көмірсутектерді барлау мен өндіру және уран өндіруді жүргізу кезіндегі консервациялау және жою қағидаларында:
«Көмірсутектерді барлау мен өндіру кезінде жер қойнауы учаскелерін консервациялау бойынша және (немесе) көмірсутектерді барлау мен өндіру және уранды өндіруді жүргізу кезінде жер қойнауын пайдалану салдарын жою бойынша жұмыстарын жүргізуге қойылатын талаптар» атты 5-қосымшада:
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Консервациялау және (немесе) жою жобасын жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдалану келісімшарты бойынша оператор, сенімгерлік басқарушы) немесе жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған тұлға бекіткен техникалық тапсырмаға сәйкес тиісті қызмет түріне лицензиясы бар жобалау ұйымы әзірлейді.
4. Консервациялау немесе жою жобасын жер қойнауын пайдаланушы бекітеді.
Консервациялау және (немесе) жою жобасы Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану, өндірістік қауіпсіздік, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, жер қатынастарын реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес келісіледі және (немесе) сараптамадан өтеді.
Демо – версия документа