(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ТЕҢІЗДЕ МҰНАЙ-ГАЗ ҚҰБЫРЛАРЫН САЛУ, МОНТАЖДАУ НЕМЕСЕ...
Осы редакция 2017 жылғы 28 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 380 бұйрығына
5-қосымша
«Теңізде мұнай-газ құбырларын салу, монтаждау немесе төсеу
жөніндегі жұмыстарға рұқсаттар беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Теңізде мұнай-газ құбырларын салу, монтаждау немесе төсеу жөніндегі жұмыстарға рұқсаттар беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электронды және қағаз түрінде.
3. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi - теңізде мұнай-газ құбырларын салу, монтаждау немесе төсеу жөніндегі жұмыстарға рұқсат (бұдан әрі - рұқсат) немесе мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін қағаз жеткізгіште алуға өтініш жасаған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызмет берушінің мөрімен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен куәландырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің)іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
Редакция документа
Демо – версия документа