«Кәсiби ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 175 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 4 ақпандағы № 126 бұйрығы
«Кәсiби ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 175 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 4 ақпандағы № 126 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Кәсiби ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 16 наурыздағы № 175 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10703 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 5-тармағының 11) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсiби ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Кәсіби ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын (бұдан әрі – Қағидалар) «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 5-тармағының 1) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк саласындағы қызметті реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) әзірлеген және бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау бойынша ұйымдарын аккредиттеу (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тәртібін айқындайды.»;
10-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа