«Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 58 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 18 қазандағы № 92 бұйрығы
«Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 58 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 18 қазандағы № 92 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 58 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18889 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясын желіге беруді техникалық диспетчерлендіру және тұтыну жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үлгілік шартта:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Шартта пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына және «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолданылады.»;
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Шот-фактура бойынша ақы төлеу мерзiмi келген кезге оны төлемегенi үшiн Өнім беруші Тұтынушының төлемеген сомалары бойынша төлем мерзiмi аяқталған күннен кейiнгi күннен бастап тұрақсыздық айыбын есептеуге құқылы. Мерзiмi өткен сомалар бойынша Өнім беруші Тұтынушыдан төлемнiң мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн ақшалай мiндеттемені Тұтынушының нақты орындаған күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген 1,5 еселенген базалық мөлшерлемесіне, сүйене отырып есептелген тұрақсыздық айыбын төлеудi талап етуге құқылы.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық электр желісі бойынша электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үлгілік шартта:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа