«Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 783 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1262 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 25 шілдедегі № 496 және Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 4 тамыздағы № 279 бірлескен бұйрығы
«Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 783 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1262 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 25 шілдедегі № 496 және Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 4 тамыздағы № 279 бірлескен бұйрығы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 783 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1262 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12938 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылы 9 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) алдын ала берілген мекенжай (жобалық нөмір) - объектіні пайдалануға бергенге дейін жобалау алдындағы құжаттаманы ресімдеу кезеңінде және жылжымайтын мүлік объектісін салу үшін жер учаскесін бөліп беру кезінде берілетін жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы;»;
мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:
«17-1) көлік қою орны - ғимараттың ішкі кеңістігінде орналасқан автокөлікті уақытша және тұрақты сақтауға арналған орын;»;
24) тармақша алып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Объект мекенжайы:
облыстың, ауданның, қаланың, қаладағы ауданның, ауылдық округтің, кенттің, ауылдың атауларынан;
елді мекеннің құрамдас бөліктерінің атауынан;
бастапқы объектінің нөмірінен;
кейінгі объектінің нөмірінен тұрады.
Демо – версия документа