«Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 20 шілдедегі № 459 бұйрығы
«Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 20 шілдедегі № 459 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген, 2009 жылғы 11 желтоқсандағы № 190 (1613) «Заң газеті» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында:
«Жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының ғылыми педагогикалық қызметкерлері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары» деген 2-тарауда:
«Жоғары оқу орнының (ЖОО) басшысы (ректор)» деген бөлімде:
он бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім, кемінде 5 жыл басшылық лауазымдағы еңбек өтілі болуы».
2. Персоналды басқару қызметі (Ә. Ж. Шоқпаров) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Демо – версия документа