«Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің «Радиоактивтi қалдықтарды және пайдаланылып болған ядролық отынды жинауды, сақтауды және көмудi ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 8 ақпандағы № 39 және «Радионуклидті көздермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 9 ақпандағы № 49 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2022 жылғы 11 мамырдағы № 169 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің «Радиоактивтi қалдықтарды және пайдаланылып болған ядролық отынды жинауды, сақтауды және көмудi ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 8 ақпандағы № 39 және «Радионуклидті көздермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 9 ақпандағы № 49 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2022 жылғы 11 мамырдағы № 169 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Радиоактивтi қалдықтарды және пайдаланылып болған ядролық отынды жинауды, сақтауды және көмудi ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 39 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13537 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 29) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Радиоактивтi қалдықтарды және пайдаланылып болған ядролық отынды жинауды, сақтауды және көмудi ұйымдастыру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Радиоактивтi қалдықтарды және пайдаланылып болған ядролық отынды жинауды, сақтауды және көмудi ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 29) тармақшасына сәйкес әзірленді және радиоактивті қалдықтар жинауды, сақтауды және көмуді және пайдаланылып болған ядролық отынды жинауды ұйымдастыру тәртібін айқындайды.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) компаунд – радиоактивті қалдықтар қосылған матрицалық материал;
2) қаптама – тасымалдауға (немесе) сақтауға және (немесе) көмуге дайындалған, пайдаланылып болған ядролық отын немесе радиоактивті қалдықтары бар қаптама комплекті;
Демо – версия документа