(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «КЕМЕЛЕРДІ ТЕҢIЗ КЕМЕЛЕРІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КЕМЕ ТIЗIЛІ...
Осы редакция 2019 жылғы 30 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 558 бұйрығына
2-қосымша
«Кемелерді Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлімiнде мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2018.28.04. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Кемелерді Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлімiнде мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттiк қызметтi Порттың теңiз әкiмшiлiгi (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) www.elicense.kz, www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:
1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
теңіз кемесінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығы туралы куәлікті және кемеге меншiк құқығы туралы куәлікті беру - 10 (он) жұмыс күн ішінде;
2) көрсетілетін қызметті берушіге, порталға жүгінген кезде:
Теңiз кемелерiнiң мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде кеменi мемлекеттiк қайта тiркеу - 10 (он) жұмыс күн ішінде;
теңіз кемесінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығы туралы куәлігінің және (немесе) кемеге меншiк құқығы туралы куәлiгiнің телнұсқасын беру, кемені Теңiз кемелерiнiң мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнен шығару - 2 (екі) жұмыс күн;
3) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудiң рұқсат етiлетiн ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минут;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етiлетiн ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут.
Редакция документа
Демо – версия документа