«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 198 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 23 қаңтардағы № 1 Қаулысы
«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 198 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 23 қаңтардағы № 1 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 198 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде № 17462 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Сақтандыру қызметі туралы», «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) андеррайтинг - актуарий белгілеген шектерде сақтандыру өтемін, сақтандыру талаптарын, франшизаның және сақтандыру тарифінің деңгейін анықтау мақсатымен сақтандыру тәуекелдерін бағалау негізінде мәлімделген сақтандыру объектісін сақтандыруға немесе қайта сақтандыруға қабылдау бойынша рәсімдер кешені;
2) басқару есептілігі - ішкі бақылау және ұйымның қызметін бағалау құралы;
Демо – версия документа