Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРІНІҢ 2015.29.05 № 301 БҰЙРЫҒЫНА ...

Осы редакция 2016 жылғы 29 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2015 жылғы 29 мамырдағы

№ 301 бұйрығына

1-қосымша

 

 

«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті


1. Жалпы ережелер

 

1. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 233 бұйрығымен бекітілген «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11384 тіркелген) негізінде министрлік және аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

1) Министрліктің кеңсесі;

2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - орталық);

3) «электрондық үкімет» веб-порталы: www.e.gov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді электронды тіркеу жағдайы портал арқылы автоматты түрде «Заңды тұлғалар» мемлекеттік дерекқорына түскен хабарламаның негізінде жүзеге асырылады.

Өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) бар болған жағдайда портал арқылы шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз жүзінде.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку