Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Жерлерді резервте қалдыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 178 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 288 бұйрығы

«Жерлерді резервте қалдыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 178 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 288 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жерлерді резервте қалдыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 178 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11337 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жерлерді резервте қалдыру қағидаларында:

1-тарауда:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Жалпы ережелер»;

1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Жерлерді резервте қалдыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 14-бабының 1-тармағының 2-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және республикалық және жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге арналған жер учаскелерiн резервте қалдыру жағдайларынан басқа, жерлерді резервте қалдыру тәртібін айқындайды.

2. Кодекстің 16-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына, 2-тармағының 5-3) тармақшасына, 17-бабы 4-1) тармақшасына және 18-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес жерлерді резервте қалдыруды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары, ал аудан шекаралары шегінде – аудандардың (қалалардағы аудандардан басқа) жергілікті атқарушы органдары, қала шекарасы (шегі) шегінде және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының әкімшілік бағынысына берілген аумақта – облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) жүзеге асырады.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку