(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕЙБІР АКТІЛЕР...
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
(2015.29.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2019 жылғы 12 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Мемлекеттік наградалар жөнінде комиссия құру, оның құрамын және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 2 сәуірдегі № 2935 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 14, 108-құжат; № 44, 422-құжат; 1997 ж., № 2, 19-құжат; 2003 ж., № 41, 426-құжат; 2007 ж., № 24, 268-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссия туралы ережеде:
8-тармақта «ұйымдастыру жұмысы» деген сөздер «ұйымдастыру-кадр жұмысы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) «Қазақстан Республикасының заңдарын Қазақстан Республикасы Президентінің қол қоюына және қарауына ұсыну, оларды тіркеу, жария ету және сақтау тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 2 шілдедегі № 3051 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 30, 267-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының заңдарын Қазақстан Республикасы Президентінің қол қоюына және қарауына ұсыну, оларды тіркеу, жария ету және сақтау тәртібі туралы ережеде:
2-тармақта «Жалпы», «Заңнама және құқықтық сараптау бөлімге» деген сөздер тиісінше «Құжаттамалық қамтамасыз ету», «Мемлекеттік құқық бөліміне» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта «Заңнама және құқықтық сараптау» деген сөздер «Мемлекеттік құқық» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақта:
бірінші абзацта «жалпы бөліміне» деген сөздер «Құжаттамалық қамтамасыз ету бөліміне» деген сөздермен ауыстырылсын;
Редакция документа
Демо – версия документа