«Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 360 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 360 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 17 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасында:
7 «Қарыздар түсімі» санатында:
01 «Мемлекеттік ішкі қарыздар» сыныбында:
1 «Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар» кіші сыныбында:
мынадай мазмұндағы 12-ерекшелікпен толықтырылсын:
«12 Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде шараларды қаржыландыру үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары ішкі нарықта айналысқа шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздарды шығарудан түсетін түсімдер»;
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер» функционалдық тобында:
1 «Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар» функционалдық кіші тобында:
120 «Облыс әкімінің аппараты» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
004 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» және 007 «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламалары бойынша:
мынадай мазмұндағы 005 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:
«005 Ішкі қарыздар есебінен»;
121 «Республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің аппараты» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
003 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 034 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:
«034 Облыстық бюджеттің ішкі көздерінің қаражатынан берілетін кредиттер есебінен»;
Демо – версия документа