«2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 2-бабы екінші бөлігінің Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 59-НҚ нормативтік қаулысы
2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 2-бабы екінші бөлігінің Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 59-НҚ нормативтік қаулысы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АТЫНАН
Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты Төраға Э.Ә. Азимова, судьялар А.Қ. Ескендіров, Қ.Т. Жақыпбаев, А.Е. Жатқанбаева, А.Қ. Қыдырбаева, Қ.С. Мусин, Б.М. Нұрмұханов, Е.Ә. Оңғарбаев, Р.А. Подопригора және С.Ф. Ударцев қатысқан құрамда,
өтініш субъектілері Н.С. Нурташевтың, Н.О. Тлеубековтің және оның өкілі - адвокат Т.А. Бейсбековтің,
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өкілі - Бас Прокурордың кеңесшісі Т.Б. Адамовтың,
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің өкілі - Заңнама департаментінің директоры Д.А. Сүлейменовтің,
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің өкілі - Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Р.К. Тұңғышбаевтың,
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратының өкілі - Заңнама бөлімінің сектор меңгерушісі А.Т. Құлыясованың,
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының өкілі - Заңнама бөлімі меңгерушісінің орынбасары Н.А. Сартаеваның,
Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институтының өкілі - бас ғылыми қызметкер А.Н. Ахпановтың,
Парламентаризм институтының өкілі - атқарушы директор А.К. Канатовтың қатысуымен,
өзінің ашық отырысында Н.С. Нурташевтың және Н.О. Тлеубековтің 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің (бұдан әрі - ҚАК) 2-бабы екінші бөлігінің Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін тексеру туралы өтініштерін қарады.
Демо – версия документа