Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысын басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 10 қыркүйектегі № 1005 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 29 маусымдағы № 590 Жарлығы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ

ЖАРЛЫҒЫ

 

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысын басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 10 қыркүйектегі № 1005 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысын басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 10 қыркүйектегі № 1005 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысын басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында:

«5. Мемлекеттік қаржыны басқару саясатын қалыптастыруға қатысты негізгі қағидаттар мен тәсілдер» деген бөлімде:

«5.3. ҚРҰҚ қаражатын қалыптастыру және пайдалану саясаты» деген кіші бөлімде:

үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«транспаренттілік - ҚРҰҚ қаражатын ел экономикасына республикалық бюджет арқылы ғана бағыттау, сондай-ақ Үкіметтің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебінің құрамында Парламентті хабардар ете отырып, осы Тұжырымдамада көзделген мақсаттарға ҚРҰҚ-дан қаражат бөлу;»;

«ҚРҰҚ қаражатын пайдалану» деген тарау мынадай редакцияда жазылсын:

«Орта және ұзақ мерзімді перспективада ҚРҰҚ-ны пайдалану саясаты мен көлемі ҚРҰҚ-ның валюталық активтерінің қысқаруына жол бермеу және оларды болашақ ұрпақ үшін жинақтау қажеттігіне негізделетін болады.

ҚРҰҚ:

1) ҚРҰҚ-дан республикалық бюджетке жыл сайынғы кепілдендірілген трансферт түрінде;

2) ҚРҰҚ-дан республикалық бюджетке нысаналы трансферт түрінде;

3) ҚРҰҚ-ны басқаруға және жыл сайынғы аудитті жүргізуге байланысты шығыстарды жабуға;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нысаналы талаптардың төлемдері түрінде және нысаналы жинақтардың аударымдары мен төлемдеріне байланысты банктің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу бойынша шығыстарды жабуға пайдаланылады.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку