«Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін емтихандарды қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 335 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 4 желтоқсандағы № 1512 бұйрығы
«Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін емтихандарды қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 335 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 4 желтоқсандағы № 1512 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін емтихандарды қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 335 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15031 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 3 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін емтихандарды қабылдау қағидаларына:
6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Емтихандар адамның таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде 2 кезеңде жүргізіледі:
1) тестілеу: сот сарапшылары және сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық мамандықтары бойынша сот сарапшылары үшін (алғашқы мамандықты игеру бойынша) 100 сұрақ;
сот сарапшылары және сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық мамандықтары бойынша сот сарапшылары үшін - қылмыстық-процестік құқық бойынша (20 сұрақ), азаматтық-процестік құқық бойынша (20 сұрақ), криминалистика бойынша (20 сұрақ), әкімшілік құқық бойынша (20 сұрақ), Заң бойынша (20 сұрақ);
Демо – версия документа