«Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 наурыздағы № 171 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы № 629 бұйрығы
«Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 наурыздағы № 171 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы № 629 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 наурыздағы № 171 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18470 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) тарифті саралау тәртібі.»;
83-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«83. Уақытша өтемдік тарифтің қолданылу кезеңінде табиғи монополия субъектісі Заңға сәйкес тарифті бекітуге арналған өтініммен уәкілетті органға жүгіне алады.
Бұл ретте жаңа тариф деңгейінің негіздемесіне қабылданған табыс табиғи монополия субъектісі өзінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін тұтынушыларға өтеуін шегере отырып, шешім қабылданған күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесін ескере отырып, негізсіз алынған табыс сомасына азайтылады.
Бұл ретте тарифтік сметада тарифтік сметаның және (немесе) инвестициялық бағдарламаның орындалмау сомасы жеке жолмен көрсетіледі.
Уәкілетті орган табиғи монополия субъектісінің жаңа тарифті бекітуге арналған өтінімін қараған кезде уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесін ескере отырып, негізсіз табыс сомасын анықтаған кезде оны жаңа тарифтің деңгейін негіздеуге қабылданған табыстан алып тастайды.»;
86 және 87-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«86. Табиғи монополия субъектісі жол берген бұзушылықтар кезеңі:
1) осы Қағидалардың 73-тармағының 1) тармақшасында – табиғи монополия субъектісі уәкілетті орган бекіткен тарифтен асатын құны бойынша төлем алған кезең;
Демо – версия документа