Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ 2014.29.07 № 477 БҰЙРЫҒ...

Осы редакция 2016 жылғы 15 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2014 жылғы 29 шілдедегі

№ 477 бұйрығына

7-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тыл департаменті туралы

ереже


1. Жалпы ереже

 

1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Тыл департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес ішкі істер органдары (бұдан әрі - ІІО) бөліністерін материалдық-техникалық және әскери жабдықтауды, шаруашылық және тұрмыстық қамтамасыз етуді, күрделі құрылысты және ғимараттарды, жабдықтау және автомобиль техникасын жөндеу-пайдалану қызметін көрсетуді, бекітілген контингентті медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - ІІМ) құрылымдық бөлінісі болып табылады.

2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасы Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік-құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Департаменттің құрылымы мен штаттық санын Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі (бұдан әрі - Министр) бекітеді.

4. Тыл департаменті:

1) Басшылықтан;

2) Әскери және арнайы қамтамасыз ету басқармасынан;

3) Мемлекеттік сатып алу және мониторинг басқармасынан;

4) Күрделі құрылыс басқармасынан;

5) Медициналық басқармадан;

6) Кеңседен тұрады.

 

 

2. Департаменттің міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері

 

5. Міндеті: ІІМ-нің орталық аппаратын және аумақтық ІІО материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру.

Функциялары:

1) қару-жарақ, оқ-дәрілер, әскери және арнайы техника, жеке қорғану және белсенді қорғаныс құралдарын, заттай мүліктер мен жарақтарды, басқа да ІІО-нің қажеттілігіне арналған материалдық ресурстарды жеткізу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;

2) тиесілік нормаларға сәйкес ІІО бөліністерін материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз ету жөніндегі негізгі бағыттарды дайындайды;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку