«Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 13 шілдедегі № 562 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 13 шілдедегі № 562 Қаулысы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті «Білім беру мазмұнын сараптаудың республикалық ғылыми-практикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясында) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті мен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. «Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі туралы ережеде:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, салааралық үйлестіруді жүзеге асыру, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру саласындағы халықаралық бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;»;
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11) шетелдік әріптестермен келіссөздер жүргізу және өз құзыреті шегінде мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы халықаралық шарттары (келісімдер) мен бағдарламаларға қол қою, білім беру ұйымдары жүзеге асыратын халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру қағидаларын белгілеу және осы жұмысты үйлестіру;»;
мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
Демо – версия документа