«Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 267 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 29 ақпандағы № 192 бұйрығы
«Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 267 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 29 ақпандағы № 192 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 267 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20192 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Шекара маңындағы аумақтың елді мекенінде тұрақты тұратын жері бойынша тіркелуін растайтын мәліметтерді беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы азаматтарының уақытша болатын (тұратын) жері бойынша уақытша тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
Демо – версия документа