(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.09.07 № 925 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің «Талдау және ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 шілдедегі № 925 Қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2015 жылғы 28 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 133-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің «Талдау және ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті кәсіпорынға қатысты тиісті саланың уәкілетті органы болып анықталсын.
3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні:
1) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнаманы сақтауға бағытталған іс-шараларды техникалық, ақпараттық және ұйымдастырушылық сүйемелдеу;
2) мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелерін ақпараттық және әдістемелік қамтамасыз ету;
3) отандық ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған үдерістерді талдамалық қолдау;
4) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ақпараттық-талдамалық жұмыс жөніндегі бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қызмет болып табылады.
4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге ұсынуды;
2) кәсіпорынның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
Редакция документа
Демо – версия документа