(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ СУБЪЕКТІЛЕРІН АККРЕДИТТЕУ» МЕМЛЕКЕ...
Осы редакция 2017 жылғы 21 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 401 бұйрығына
3-қосымша
«Денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2016.29.02. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (бұдан әрі - Комитет) және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 294 бұйрығымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11356 болып тіркелген «Денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті қабылдау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі - Комитеттің аумақтық бөлімшелері;
2) www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру портал, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі денсаулық сақтау субъектілеріне аккредиттеу туралы куәлік (бұдан әрі - куәлік) беру, куәлікті қайта ресімдеу (субъектінің атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген жағдайда), аккредиттеу туралы куәлік жоғалған немесе бүлінген жағдайда куәліктің телнұсқасын беру немесе көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті лауазымды тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы куәлікті беруден бас тарту туралы дәлелді жауап;
Редакция документа
Демо – версия документа