(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ САЛАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК КӨР...
Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 139 бұйрығы
(2016.17.06. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2017 жылғы 3 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2015.26.11. № 363 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Республикалық және өңірлік спорт федерацияларын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмiр бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегi спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы» спорттық атақтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты нұсқаушы-спортшы, жоғары санатты ұлттық спорт төрешiсi, ұлттық спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Редакция документа
Демо – версия документа