«Геодезиялық пункттерді қорғау, бұзу немесе қайта салу (орнын ауыстыру) туралы қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 13 наурыздағы № 90/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2025 жылғы 26 наурыздағы № 124/НҚ бұйрығы
«Геодезиялық пункттерді қорғау, бұзу немесе қайта салу (орнын ауыстыру) туралы қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 13 наурыздағы № 90/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2025 жылғы 26 наурыздағы № 124/НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Геодезиялық пункттерді қорғау, бұзу немесе қайта салу (орнын ауыстыру) туралы қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 13 наурыздағы № 90/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32073 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Геодезиялық пункттерді қорғау, бұзу немесе қайта салу (орнын ауыстыру) туралы қағидаларда:
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Геодезиялық пункттерді қорғау тәртібі»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Геодезиялық пункттерді қайта салу (орнын ауыстыру) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 11 сәуірдегі № 222/НҚ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік геодезиялық, нивелирлік және гравиметриялық желілерінің пункттері мен белгілерін салу, зерттеп-қарау және қалпына келтіру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.»;
7-8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Аумағында геодезиялық пункттер орналасқан жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылары (бұдан әрі - меншік иелері мен жер пайдаланушылары) геодезиялық пункттердің бүліну немесе жойылу жағдайлары туралы уәкілетті органға және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың жергілікті атқарушы органдарына хабарлайды.
Демо – версия документа