«Этил спирті және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 88 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 950 бұйрығы
«Этил спирті және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 88 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 950 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Этил спирті және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 88 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10502 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 6 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Этил спирті және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Этил спиртін және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды жеке және заңды тұлғалар электрондық түрде есепті айдан кейінгі айдың 20-нан кешіктірмей ай сайын «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 88-бабына сәйкес жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қойылған орны бойынша мемлекеттік кірістер органына табыс етеді.»;
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. 7-бағанда өндірген этил спирті немесе шарап материалының салық төлеушінің деректері бойынша көлемі көрсетіледі.»;
мынадай мазмұндағы 20-1-тармақпен толықтырылсын:
«20-1. 7-1-бағанда өндірген этил спирті есепке алатын бақылау аспаптарының деректері бойынша көлемі көрсетіледі.»;
Қағидалардың 2-қосымшасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Демо – версия документа