Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 және «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 628 Қаулысы (2024.02.02. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 және «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 628 Қаулысы

(2024.02.02. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 26 сәуірдегі № 336 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген басым жобаларға кредит беру тетігінде:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қызметін өңдеу өнеркәсібінде және агроөнеркәсіптік кешенде жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерін (бұдан әрі - ЖКС) қолдау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2018 - 2021 жылдары екінші деңгейдегі банктерді (бұдан әрі - ЕДБ) және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ (бұдан әрі - АНК) қаржыландыруының жалпы көлемі 1 трлн теңгеге дейін құрайды.

«Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - ҚДБ) жобалары ҚДБ-ның өз қаражаты (нарықтық қорландыру) есебінен ғана қаржыландырылады.»;

мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын:

«1-1. Стратегиялық міндеттер

Стратегиялық міндеттер:

1) өңдеу өнеркәсібінде және АӨК-де өндірісті кеңейту.

2) ішкі нарықты отандық өндірушілердің тауарларымен және көрсетілетін қызметтерімен толықтыру.

1-2. Нысаналы индикаторлар

Нысаналы индикаторлар:

1) қарапайым заттар экономикасының тауарлары бойынша импорт үлесін 2022 жылға қарай 2018 жылғы деңгейден 20 %-ке төмендету.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции