«Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 және «Табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 29 қарашадағы № 105 бұйрығы
«Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 және «Табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 29 қарашадағы № 105 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19242 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларында:
20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«20) сатып алу - табиғи монополия субъектісінің шығындары осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен тарифті бекіту кезінде ескерілетін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;»;
147- тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасының қоғамдық мүгедектігі бар адамдарға бірлестігі құрған, тауарларды өндіретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін ұйымдар болып табылса және олар ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі айлық есептік көрсеткіштің он сегіз мың еселенген мөлшерінен аспаса, конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізбейді.»;
178-14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«178-14. Бір көзден алу тәсілімен сатып алу - бұл конкурсты, баға ұсыныстарына сұрау салуды қолданусыз сатып салу тәсілі, олар портал арқылы және мынадай:
1) егер конкурс тәсілімен қайта сатып алу немесе баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу өтпеді деп танылған;
Демо – версия документа