Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «НОТАРИАТТЫҚ ҚЫЗМЕТПЕН АЙНАЛЫСУ ҚҰҚЫҒЫНА АТТЕСТАТТАУ...

Осы редакция 2018 жылғы 20 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Әдiлет министрiнiң

міндетін атқарушының

2015 жылғы 26 мамырдағы

№ 297 бұйрығына

1-қосымша

 

 

«Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өткiзу»

мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өткiзу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметiн (бұдан әрi - мемлекеттiк қызмет) Қазақстан Республикасы Әділет министрінiң 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 232 бұйрығымен бекiтiлген «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өткiзу» мемлекеттiк қызметтер көрсету стандартының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 11095 болып тіркелген) (бұдан әрі - Стандарт) (бұдан әрi - Стандарт) негiзiнде, аумақтық әдiлет органдары көрсетедi (бұдан әрi - көрсетiлетiн қызметтi берушi), оның ішінде «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы арқылы көрсетіледі (бұдан әрі - портал)

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электронды

(ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзiнде.

3. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi: Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына әдiлет аттестациялық комиссиясының (бұдан әрi - Комиссия) аттестаттау туралы шешiмi, комиссияның аттестатталмағаны туралы шешiмi немесе стандарттың 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша аттестаттауға жіберуден дәлелді бас тарту.

Комиссияның шешiмi қағаз тасымалдағышта не электронды нысанда жүзеге асырылады.

Комиссиясының аттестаттаудан өткенi не өтпегенi туралы шешiмi Стандарттың 1, 2-қосымшаларымен белгiленген нысандар бойынша аттестаттау өткеннен кейiн келесi күннен кешiктiрiлмей берiледi.

 

 

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi
берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң)
iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

 

4. Көрсетiлетiн қызметтi берушi мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушының өтініші немесе электронды түрдегі сауалы бастауға негiздеме болып табылады.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн рәсiмдер (iс-қимылдар):

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку